Өзінен өзі үнемі қосыла беретін Samsung теледидарының ақаулығын қалай жоюға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 04.03.2025

Егер сіз кейде Samsung теледидарыңыз өзінен өзі қосылатынын байқасаңыз, бұл келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:

Теледидардың өздігінен қосылу себебін анықтау және жою үшін төмендегі ұсынымдарды орындаңыз.

Samsung теледидары

Теледидардың басқа құрылғыны қосу пәрменіне жауап бермейтініне көз жеткіңіз

Егер үйіңізде бірнеше теледидар болса, олар бір пульттен сигнал алуы мүмкін. Нәтижесінде бір теледидар қосылғанда, сигнал екіншісіне де түседі.
Екінші теледидарды желіден ажыратып, оның пультіне бірнеше рет басып көріңіз.

Пультті тексеріңіз

Батареяларды пульттен алып, теледидардың жұмысын біраз байқаңыз. Бәлкім, ол пультке жауап беретін шығар.
Егер теледидар өздігінен қосылуды тоқтатса, теледидарды қосу түймесі түсіп кетуіне апаратын пультте ластанудың бар-жоғын тексеріңіз.

Егер сіз ИҚ пультін пайдалансаңыз, оның жұмысын смартфон камерасы арқылы тексеріңіз.

Камераны қосыңыз, оған пультті бағыттаңыз және пульттегі түймелерді біраз басыңыз. Егер пульт жұмыс істесе (ИҚ сигналын жіберсе), ондағы қызыл жарық диодты жұмыс істей бастайды.
iPhone смартфондарында пультті алдыңғы камера арқылы тексеріңіз, негізгі камера ИҚ сигналын көрсетпейді.

  • Егер жарық диодтың жұмысы смартфонның камерасы арқылы көрінбесе немесе ол жыпылықтаса – пультте жарамсыз, пультті ауыстыру үшін Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  • Егер жарық диодтың жұмысы смартфонның камерасы арқылы көрінсе – пультте бәрі дұрыс, мәселе теледидармен байланысты болуы мүмкін.
Пульт жұмысын тексеру

Кабельді және розетканы тексеріңіз

  • Теледидарды желіден ажыратыңыз және USB құрылғылары мен интернет кабелін қоса алғанда, барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
  • Қуат кабелінің бүтіндігін тексеріңіз.
  • Қуат кабелін теледидарға кіргізіңіз. Құрылғының қалыпты жұмыс істеуі үшін ол теледидар корпусындағы ағытпаға тығыз және соңына дейін енуі тиіс.
  • Теледидарды ұзартқышсыз және тұрақтандырғышсыз бөлек розеткаға қосыңыз. Егер розетка қуаты бірнеше аспаптарды қосуға арналмаған болса, мәселелер туындауы мүмкін.

Оқиға журналдарын тексеріңіз (2019 жылдан бастап шығарылған теледидарлар үшін)

Теледидар сыртқы құрылғыларға немесе CEC пәрменіне байланысты қосылуы мүмкін – бұл жағдайлар Оқиғалар журналына жазылады.

Теледидар мәзірін ашып, Қолдау бөліміне өтіңіз. О (осы теледидар туралы) тармақты басып, Оқиғалар журналына дейін төмен жылжытып қараңыз.

Қуат көзінің қосылу себебін тексеру

Егер оқиғалар журналында «Қосу себебі» деген жазба болса



Теледидар USB тасымалдағыштардан, мобильді қосымшалардан, бергіштерден, Bluetooth және дауыстық басқарудан қосылуы мүмкін. Теледидарды басқаратын қосылған құрылғыларды ажыратыңыз немесе өшіріңіз.

  • YouTube/ SmartThings немесе басқа да қосымшалар – теледидар осы қосымша арқылы, сол бір Wi-Fi желісіне қосылған басқа құрылғыдан түскен сигналға байланысты іске қосылды.
  • Бергіш – теледидар Ambient режимінде жарықтық бергішінен сигнал алды.
  • WOL – теледидар eMac phy (Magic Packet) функциясымен қосылады.
  • BLE – теледидар Bluetooth құрылғысын ояту функциясымен қосылады.

 

Егер оқиғалар журналында «HDMI/CEC қосылым пәрмені орындалды» деген жазба болса



Anynet + (HDMI-CEC) функциясы, егер HDMI кабелі арқылы бір-біріне қосылған болса, әртүрлі құрылғыларды бір пульт арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Егер басқа құрылғыны қосқыңыз келсе, теледидар онымен бірге қосылуы мүмкін. Бұл функция туралы толығырақ «Smart Control пультімен бірнеше құрылғыны басқаруды қалай баптау керек» мақаласынан оқи аласыз.

 

Оқиғалар журналында «One Connect» деген жазба болса



Егер One Connect Box модулін пайдалансаңыз, көрінбейтін кабельдің күйін және теледидар мен модульдегі ағытпаларға қосу орнын тексеріңіз. Нашар қосылу немесе зақымдану болған жағдайда кабель арқылы дұрыс емес сигнал келіп, теледидар өздігінен қосылуы мүмкін.

One Connect кабелін қайта қосыңыз. 2018 жылы шығарылған және одан жаңа теледидарларда кабельді дұрыс қосқан кезде шерту дыбысын естисіз.

One Connect кабелін қосу

Жасақтаманы автоматты түрде жаңарту функциясын өшіріңіз

Баптаулар > Қолдау > БЖ жаңарту тармағын ашыңыз. Егер Автожаңарту тармағы (Күту тәртібінде жаңарту) белсенді болса, оны өшіріңіз.

Теледидар жасақтамасын жаңартыңыз

Жасақтаманы жаңарту үшін теледидар Wi-Fi немесе LAN кабеліне қосылуы керек. Баптаулар > Қолдау > БЖ жаңарту тармағын ашыңыз және Қазір жаңарту таңдаңыз – егер жаңа жаңарту болса, теледидар оны жүктей бастайды.

Теледидар баптауларын бастапқыға дейін арылтыңыз

Егер бұрын көрсетілген тәсілдер көмектеспесе, зауыт баптауларына дейін арылтуды жасап көріңіз. Теледидар бастапқы баптауларға оралады.

Басты бет > Баптаулар > Жалпы > Арылту ашыңыз. Теледидардың барлық баптаулары жойылады.

Егер ұсынымдардың ешқайсысы көмектеспесе, жұмысты диагностикалау және техниканы жөндеу үшін жақын жердегі  авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.


Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!