Samsung саундбарын Bluetooth арқылы теледидарға қалай қосуға болады
Samsung теледидары мен саундбар сериясына байланысты сымсыз қосылым Bluetooth немесе SoundShare/TV Sound Connect технологиясы арқылы жүзеге асырылады.
Тақырып бойынша:
Samsung саундбарының сериясы мен шығарылған жылы атауында шифрланған.
Мысалы, HW-F850: F сериялы саундбар үлгісі 2013 жылы шығарылған.
- 2015 жылы және одан бұрын шығарылған: J/ H/ F/ E сериялары
- 2016 жылы және одан кейін шығарылған: K/ M/ N/ Q/ R/ T/ A/ B сериялары
2016 жылдан бастап шығарылған теледидарды K сериялы және одан кейінгі саундбарға қосу

BT READY жазуы көрсетілсе, көзді ауыстыру пернесін BT PAIRING жазуы пайда болғанша басып тұрыңыз.
Дыбыс шығару > Bluetooth динамиктері тізімі таңдаңыз.
2016 ж. (және одан кейінгі) теледидарды 2015 ж. (J сериялы және одан бұрынғы) саундбарға қосу
SoundShare – дыбысты Bluetooth арқылы Samsung теледидарынан Samsung сыртқы аудио құрылғысына, мысалы, саундбарға жіберуге мүмкіндік беретін функция.
Егер хабар экранда пайда болмаса:
Қосылымға рұқсат беру немесе одан тыйым салу үшін теледидар мәзірінен таңдаңыз:
- сізде Е сериялы теледидар болса:
Мәзір > Жүйе > Құрылғылар дисп. > SoundShare баптаулары > Құрылғы қосу
- сізде F/H сериялы теледидар болса:
Мәзір > Дыбыс > Дауыс зорайтқыштар баптаулары > SoundShare баптаулары > Құрылғы қосу
- сізде J сериялы теледидар болса:
Мәзір > Дыбыс > Қосымша баптаулар > ТД дыбысын қосу > Құрылғы қосу
Басыңыз:
ҚОС. ─ жаңа SoundShare құрылғыларын қосуға рұқсат
ӨШ. ─ жаңа SoundShare құрылғыларын қосуға тыйым салу
Егер «ИӘ/Қосылу» орнына байқаусызда «Болдырмау» таңдалған болса:
Бұрын қосылған құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру немесе тыйым салу үшін теледидар мәзірінен таңдаңыз:
- сізде Е сериялы теледидар болса:
Мәзір > Жүйе > Құрылғылар дисп. > SoundShare баптаулары > Samsung аудио құрылғыларының тізімі
- сізде F/H сериялы теледидар болса:
Мәзір > Дыбыс > Дауыс зорайтқыштар баптаулары > SoundShare баптаулары > Samsung аудио құрылғыларының тізімі
- сізде J сериялы теледидар болса:
Мәзір > Дыбыс > Қосымша баптаулар > ТД дыбысын қосу > Samsung аудио құрылғыларының тізімі
- сізде K сериялы және одан бұрынғы теледидар болса:
Баптаулар > Дыбыс > Динамик таңдау > Bluetooth Аудио
K сериялы және одан бұрынғы үлгілерде құрылғыларды пайдалануға тыйым салу мүмкіндігі жоқ (тек бұрын қосылғандар тізімінен алып тастау).
Пайдаланбау мәні орнатылса, теледидар таңдалған аудио құрылғысын қосу сұрауларын елемейтін болады.
Құрылғылар арасындағы қашықтық 5 м артық болса, байланыс (дыбыс) жоғалуы мүмкін. Осылай болса, әрекет ауқымы шегінде қайта қосуды орындаңыз.
2015 ж. (және одан бұрынғы) теледидарды 2016 ж. (K сериялы және одан кейінгі) саундбарға қосу
Bluetooth құлаққаптарының толыққанды қосылуы жоқ теледидарға 2016 ж. жəне одан жаңа (K сериялы жəне одан кейінгі) саундбарларды қосу үшін (тіпті теледидарда Soundshare функциясы болса да) кабелді пайдалану ұсынылады.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар