Galaxy құрылғысында бағдарламалық жасақтаманы жаңарту проблемаларын қалай жоюға болады
Жасақтаманы үнемі жаңарту смартфоныңыздың бағдарламалық жасақтаманың өзекті нұсқасы болуы, жаңартуларды және қателерді түзетуді уақтылы алып тұруы үшін қажет. Егер смартфоныңызда жасақтаманың соңғы нұсқасы орнатылмаған болса, кейбір қосымшалар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Тақырып бойынша:
Әдетте, жасақтаманы жаңарту көп уақытты алмайды. Бірақ егер жаңа жасақтама бар файл үлкен болса және көптеген өзгерістерді қамтыса, жаңарту ұзаққа – 1-2 сағатқа созылуы мүмкін. Бұл уақытта смартфонды қайта жүктеуге болмайды, тіпті ол тұрып қалғандай көрінсе де, қайта жүктеу жаңартуларды орнатудың тоқтауына әкеледі.
Егер жасақтаманы іздеуде, жүктеп алуда немесе орнатуда қиындықтар туындаса, төмендегі нұсқаулықтарымызбен танысыңыз.
Смартфон жасақтаманы жаңарту файлын таппаса, не істеу керек
Егер сіз смартфоныңыз үшін жақында жаңа жасақтама жаңартылуы шыққанына сенімді болсаңыз, бірақ смартфоныңыз ол туралы хабарламаны көрсетпесе, себептері келесі болуы мүмкін:
Мобильді интернет немесе Wi-Fi қосулы ма, тексеріңіз.
Жаңартуды кейінірек 2-3 күн ішінде тексеріңіз.
Тақырып бойынша:
Бұл жағдайда жақын арадағы авторизацияланған қызмет көрсету орталыққа жүгіну керек.
Жасақтама жүктелмесе не істеу керек
Құрылғыны басқа интернет көзімен жаңартып көріңіз. Мүмкіндігінше басқа провайдермен немесе басқа Wi-Fi көзімен. Себебі сапасыз қосылым болуы мүмкін немесе жаңарту үшін сервер қол жетімді емес.
Құрылғыны басқа интернет көзімен жаңартып көріңіз. Мүмкіндігінше басқа провайдермен немесе басқа Wi-Fi көзімен. Себебі сапасыз қосылым болуы мүмкін немесе жаңарту үшін сервер қол жетімді емес.
Жаңартуды компьютерге арналған Smart Switch бағдарламасы арқылы немесе кейін 2-3 күн ішінде тексеріңіз. Сервер артық жүктелген болуы мүмкін және жаңарту қазір қолжетімсіз.
Тақырып бойынша:
Жасақтаманы орнату кезінде қате пайда болса не смартфон тұрып қалса, не істеу керек
- Егер құрылғы жаңарту кезінде тұрып қалса, яғни жаңарту үдерісі орнында тұрса, 1-2 сағат күте тұрыңыз. Кейбір жағдайларда жаңартуды орнату айтарлықтай ұзаққа созылуы мүмкін.
- Егер жаңарту үдерісі мүлдем қозғалмаса, смартфонды қайта жүктеңіз. Ол үшін «Қуат беру» пернесін 15 секунд бойы басып тұрыңыз (смартфондардың кейбір үлгілерінде «Дыбысты азайту» және «Қуат беру» түймелерін бір уақытта басу керек). Егер ештеңе болмаса, зарядтау құрылғысын қосып, тағы да қайталаңыз.
Тақырып бойынша:
Деректерді арылту құрылғыда пайда болуы мүмкін және кәдімгі қайта жүктеуден кейін жойылмайтын барлық бағдарламалық ақауларды жоюға көмектеседі.
Ескертпе:
Арылту алдында маңызды деректерді міндетті түрде сақтаңыз. Арылтудан кейін оларды қалпына келтіру мүмкін болмайды!
Егер ұсынымдардың ешқайсысы сізге көмектесе алмаса, онда смартфон ақаулы болуы мүмкін. Samsung Galaxy-ді жөндеу қажет екеніне нақты көз жеткізу үшін жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласуға кеңес береміз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар