Samsung Galaxy-де «Камера» қосымшасында ақау немесе қате болса, не істеу керек
Егер камераны пайдаланғанда экранда «Камера ақауы» деген ескерту пайда болса немесе смартфон қатып қалса немесе дұрыс жұмыс істемесе, осы мақаладағы нұсқауларды пайдаланыңыз.
Тақырып бойынша:
Тақырып бойынша:
Егер смартфоныңызда жад картасы орнатылған болса, камера жұмысындағы қателер оның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты болуы мүмкін.
Телефоныңыздан жад картасын алып, камераның онсыз жұмыс істеуін тексеріп көріңіз.
- Егер камера жад картасысыз дұрыс жұмыс істесе, онда проблема содан туындайды. Жад картасын пішімдеу қажет. Ол үшін «Galaxy құрылғыңыз SD картасын таппаса, не істеу керек» деген мақаланы пайдаланыңыз.
- Егер қате жад картасысыз сақталса, келесі ұсынымға өтіңіз.
Тақырып бойынша:
Телефоныңыздың жұмысына жүктелген қосымшалардың бірі әсер етуі мүмкін. Мұны тексеру үшін смартфонды қауіпсіз режимде жүктеңіз. Бұл режимде барлық жүктелген қосымшалар ажыратылады және құрылғының жұмысына әсер етпейді. Камера жұмысында қателер болады ма, тексеріңіз.
Егер камера қауіпсіз режимде дұрыс жұмыс істесе, онда проблема жүктелген қосымшалардың бірінде. Жүктелген қосымшаларды бір-бірден жойып, құрылғының жұмысын тексеріңіз. Ең соңғы орнатылғандардан бастаған дұрыс болады.
Егер проблема қауіпсіз режимде сақталса, келесі ұсынымға өтіңіз.
Смартфонды немесе планшетті толық арылту оны зауыттық күйіне қайтарады және бағдарламалық ақауларды жоққа шығарады.
Баптауларды арылту құрылғыңыздағы барлық деректерді жоюға әкеледі.
Біз арылтуға дейін міндетті түрде барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұсынамыз.
Егер жоғарыдағы ұсынымдар мәселені шешуге көмектеспесе, смартфоныңызды диагностикалау үшін жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар