Samsung Galaxy-дегі қосымшадан хабарламалар санаттарын қалай ажыратуға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 11.03.2025

Қосымшалардан хабарламалар бірнеше тақырыптық санаттарға бөлінеді. Мысалы, банк қосымшасынан сізге шоттың балансы туралы немесе қосымшаны жаңарту қажеттігі туралы хабарлама келуі мүмкін. Ақпараттың тақырыбына байланысты осы хабарламалардың әрқайсысы үшін жеке санат жауап береді. Смартфон баптауларында сіз қажет емес хабарламалар санаттарын ажырата аласыз. Мұны қалай жасау керектігін білу үшін төмендегі мақаланы пайдаланыңыз.

Ескертпе:

Хабарламалар санатын ажыратқаннан кейін, сіз ажыратқан тақырыптан басқа, құрылғыға әлі де хабарламалар келіп тұрады.

Баптаулар арқылы хабарламалар санаттарын қалай ажыратуға болады

Ескертпе:

Қосымшаға байланысты хабарламалар санатының саны мен түрі әртүрлі болуы мүмкін.

1-қадам. Баптауларды ашыңыз.

2-қадам. Баптаулар мәзірінен Қосымша қойындысын таңдаңыз.

3-қадам. Хабарламаларын ажыратқыңыз келетін қосымшаны таңдаңыз.

4-қадам. «Хабарламалар» басыңыз.

5-қадам. Сіз қалайтын хабарламалар түрлерін қосымшадан өшіру үшін Хабарламалар санаттары қойындысына өтіңіз.

6-қадам. ажыратқыңыз келетін хабарламалар түрінің жанындағы батырманы басыңыз.

1-қадам. Баптауларды ашып, Қосымшалар қойындысына өтіңіз.

2-қадам. Хабарламаларын ажыратқыңыз келетін қосымшаны таңдаңыз.

3-қадам. Хабарламалар қойындысына өтіңіз.

4-қадам. «Басқалар» бөлімінде ажыратқыңыз келетін хабарламалар санатының жанындағы батырманы басыңыз.

Хабарламалар санаттарын перде арқылы қалай ажыратуға болады

Ескертпе:

  • Қосымшаға байланысты хабарламалар санатының саны мен түрі әртүрлі болуы мүмкін.
  • Өкінішке орай, Android 13-12 нұсқалары бар смартфондарда перде арқылы хабарламалар санаттарын ажырату қолжетімсіз.

Android 11-10 нұсқалары бар құрылғыларда қосымшадан барлық хабарламаларды ғана емес, осы хабарламалардың тақырыптық санаттарын да ажырату мүмкіндігі бар.

1-қадам. Жылдам баптаулар (перде) мәзірін ашу үшін экранды жоғарыдан төмен қарай жылжытыңыз.

2-қадам. Ажыратқыңыз келетін хабарламаны бірнеше секунд бойы ұстап тұрыңыз.

3-қадам. Тек осы тақырыптағы хабарламаларды ажырату үшін санат атауының жанындағы батырманы басыңыз, содан кейін «Сақтау» таңдаңыз.

1-қадам. Жылдам баптаулар (перде) мәзірін ашу үшін экранды жоғарыдан төмен қарай жылжытыңыз.

2-қадам. Ажыратқыңыз келетін хабарламаны бірнеше секунд бойы ұстап тұрыңыз.

3-қадам. Хабарламалар санатын ажырату үшін батырманы басыңыз. Баптауларда осы таңдалған қосымшадан барлық хабарламаларды ажыратуға болады.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!