Galaxy S22-ні сымды немесе сымсыз тәсілмен қалай жылдам зарядтауға болады
«Жылдам зарядтау» және «Жылдам сымсыз зарядтау» функциялары телефонды жылдам зарядтау үшін қажет. Samsung жылдам зарядтау құрылғысын алғашқы үш рет қосқанда, телефон «Жылдам зарядтау» функциясын қосуды ұсынады. Өте жылдам зарядтау үшін Samsung мақұлдаған 25 Вт немесе 45 Вт адаптерлерді пайдалану керек.
- Жылдам зарядтау. Бұл функцияны пайдалану үшін бейімделген жылдам зарядтауды қолдайтын зарядтау құрылғысы қажет. Адаптерде «Бейімделген жылдам зарядтау» мәтіні жазылған болады.
- Жылдам сымсыз зарядтау. Бұл функцияны пайдалану үшін сізге сымсыз зарядтауды қолдайтын құрылғы қажет.
- Өте жылдам зарядтау. Өте жылдам зарядтау үшін USB PD (Power Delivery) зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз. Адаптерде «Өте жылдам зарядтау» мәтіні жазылған болады.
Ескертпе:
- Бұл функциялар Samsung мақұлдамаған адаптерлерде қолжетімсіз болуы мүмкін.
- Телефон немесе оның экраны өшірілген болса, аккумулятор тезірек зарядталады.
- Жылдам және Өте жылдам зарядтау функциялары стандартты зарядтау құрылғысына қолжетімсіз.
- Зарядтау құрылғысы қызып кетсе немесе қоршаған орта температурасы көтерілсе, зарядтау жылдамдығы автоматты түрде төмендеуі мүмкін. Бұл зарядталып жатқан құрылғыға зақым келтірмеу үшін орны алады.
- Қуат адаптері мен деректер жеткізу кабелі бөлек сатылады. Өте жылдам зарядтау функциясы үшін қуат 45 Вт түпнұсқа Samsung қуат адаптерін және Type-C - Type-C 5A кабелін пайдалануды ұсынамыз.
Ескертпе:
- Зарядтау кезінде бұл функцияны қосу немесе өшіру мүмкін емес.
Сымсыз кері зарядтау арқылы басқа құрылғыны қалай зарядтауға болады
Сымсыз кері зарядтау функциясы телефоныңыздан басқа Galaxy құрылғысын: телефонды, сағатты немесе құлаққапты зарядтауға мүмкіндік береді. Ол үшін бір құрылғыны екіншісінің үстіне қою керек. Бұл функцияны негізгі құрылғы зарядталып жатқанда да пайдалана аласыз.
1-қадам. Жылдам баптаулар мәзірін ашу үшін экранның жоғарғы жағын төмен қарай тартыңыз.
2-қадам. Функцияны қосу үшін сымсыз кері зарядтау белгішесін басыңыз.
Сымсыз кері зарядтау белгішесі жоқ болса, Плюс белгішесін басып, Сымсыз кері зарядтау белгішесін Жылдам баптаулар мәзіріне сүйреп апарыңыз.
3-қадам. Зарядтағыңыз келетін құрылғыны телефонның ортасына, артқы жағын бір-біріне қаратып қойыңыз. Зарядтау басталған кезде дыбыстық дабыл немесе діріл естисіз. Зарядтау аяқталғаннан кейін құрылғыларды телефоннан алып тастаңыз.
Ескертпе:
- Керек-жарақтар Сымсыз кері зарядтау сапасына әсер етуі мүмкін. Бұл функцияны пайдаланбас бұрын тысқаптарды немесе керек-жарақтарды алып тастауды ұсынамыз.
- Жақсы қосылымды қамтамасыз ету үшін құрылғылардың орнын реттеңіз. Сымсыз зарядтау шарғысының орналасуы құрылғыға байланысты.
- Сымсыз кері зарядтау кезінде құрылғыларды жылжытпаңыз және пайдаланбаңыз.
- Бұл функцияны сымсыз зарядтауды қолдайтын құрылғылар ғана пайдалана алады.
- Кейбір функциялар Сымсыз кері зарядтау кезінде қолжетімсіз болуы мүмкін.
- Басқа құрылғы алатын қуат телефоныңыз жіберетін қуаттан азырақ болуы мүмкін.
- Телефонды зарядтау кезінде басқа құрылғыны зарядтап жатсаңыз, зарядтау құрылғысының түріне байланысты зарядтау жылдамдығы баяу болуы немесе құрылғы дұрыс зарядталмауы мүмкін.
- Зарядтау жылдамдығы немесе тиімділігі құрылғы күйіне немесе қоршаған орта жағдайларына байланысты.
- Сымсыз зарядтау кезінде телефон мен зарядталып жатқан құрылғы арасында бөгде заттар: кредит карталары, сақина ұстағыш немесе телефондағы металл тысқап жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Заряд жеткізу тоқтатылатын зарядтау мәнін орната аласыз.
Samsung мақұлдаған зарядтау құрылғыларын пайдалануды ұсынамыз. Үйлеспейтін батареялар, зарядтау құрылғылары немесе кабельдер телефоныңызға зақым келтіруі мүмкін.
- Зарядтау құрылғысын дұрыс қоспау құрылғыға елеулі зақым келтіруі мүмкін. Дұрыс пайдаланбау салдарынан болған зақымдануларға кепілдік қолданылмайды.
- Телефонмен бірге жеткізілетін USB Type-C кабелін пайдаланыңыз. Micro USB кабелін пайдалану құрылғыны зақымдайды.
- Кабель қосқышы жалғағышында ылғал болса, телефонды зарядтамаңыз – бұл оны зақымдауы мүмкін. Құрылғыны зарядтау алдында жалғағышты жақсылап құрғатыңыз.
- Адаптерде қуатты өшіру түймелері жоқ. Зарядтау құрылғысын пайдаланбасаңыз, оны электр энергиясын үнемдеу үшін розеткадан суырыңыз. Зарядтау кезінде адаптерге қол жеткізу оңай болуы керек.
- Зарядтау өнімділігіне кепілдік беретін, Samsung мақұлдаған сымды немесе сымсыз зарядтау құрылғысын пайдалануды ұсынамыз.
- Аккумулятордың қуаты толығымен таусылған болса, зарядтау құрылғысын қосқаннан кейін телефон бірден қосыла алмайды. Телефонды қоспас бұрын батарея зарядталғанша бірнеше минут күтіңіз.
- Бірнеше қосымшаны, желіге немесе басқа құрылғыға қосылуды бір уақытта пайдалансаңыз, батареяның қуаты тез таусылады. Деректерді жеткізу кезінде батареяның қуаты таусылмауы үшін осы қосымшаларды әрқашан аккумулятор толығымен зарядталғаннан кейін пайдаланыңыз.
- Телефонды зарядтау құрылғысынан емес, басқа қуат көзінен, мысалы, компьютерден зарядтап жатсаңыз, тоқ күші жеткіліксіз болғандықтан зарядтау жылдамдығы баяу болуы мүмкін.
- Телефонды зарядтау кезінде пайдалану оның толық зарядталу уақытын арттырады.
- Қуат көзі тұрақсыз істеп тұрса, сенсорлық экран жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдайда телефонды зарядтау құрылғысынан ажыратыңыз.
- Зарядтау кезінде зарядтау құрылғысы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, құрылғының қызмет ету мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпейді. Аккумулятор әдеттегіден қатты қызып кетсе, зарядтау құрылғысы телефонды зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
- Сымсыз зарядтау кезінде зарядтау құрылғысы мен телефон арасында бөгде заттар: кредит карталары, сақина ұстағыш жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
- Телефон дұрыс зарядталмай жатса, оны және зарядтау құрылғысын Samsung қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Ескертпе
Құрылғының скриншоттары мен мәзір тармақтары құрылғы үлгісіне және бағдарламалық жасақтама нұсқасына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар