Камераны пайдалан кезде «Камера ақауы. Температура тым жоғары» қатесі шықса, не істеу керек
Қате неге пайда болады?
Ойындар, стримингтік сервистер немесе онлайн бейнелер сияқты кейбір қосымшалар смартфонның барлық ресурстарын іске қосады. Әсіресе оларды ұзақ уақыт пайдалансаңыз. Батареяның қуаты тезірек жұмсалады және құрылғы қатты қызып кетуі мүмкін.
Сонымен қатар, смартфон қоршаған ортаның сыртқы жағдайларына байланысты қызуы мүмкін (жоғары температурада ұзақ пайдалану, тікелей күн сәулесінің немесе жылыту аспаптарының әсері).
Смартфон қызғанда, оның функциялары мен өнімділігі шектелуі мүмкін немесе смартфон қатты қызып кетуден зақымдануды болдырмау үшін дербес ажыратылуы мүмкін.
Не істеу керек?
Телефон температурасының төмендеуі үшін экран жарықтылығы мен өнімділігі шектеледі, ал аккумуляторды зарядтау тоқтатылады. Құрылғы суығанда қосымшаларды іске қосуға болады. Ол уақытқа дейін тек шұғыл қоңыраулар ғана қолжетімді.
Сондықтан «Камера» қосымшасы құрылғының жалпы температурасы тым жоғары болғанда өшірілуі мүмкін. Біраз уақыттан кейін смартфон суып, камераны қайта пайдалана аласыз.
Бұл ақаулық па, әлде қалыпты ма?
Смартфонды қарқынды жүктеме кезінде қызып тұруы – бұл қалыпты жағдай, өйткені ол электронды компоненттерден тұрады.
Егер смартфон қызып кетсе, біраз уақыт күте тұрыңыз, сосын қайтадан қосымшаларды пайдалана аласыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар