Galaxy Watch-та қаншалықты жиі калибрлеу жасау керек
Galaxy Watch-ты дәл нәтижелерді алу үшін әрбір 28 күн сайын калибрлеу керек. Калибрлеу күйін тексеру және келесісін қашан жасау керектігін білу үшін, Galaxy құрылғыңыздағы Samsung Health Monitor қосымшасында «Қан қысымы» қойындысын ашыңыз.
Артериялық қысымды одан әрі өлшеу дәл болуы үшін Galaxy Watch-ты айына бір рет (әрбір 28 күнде) калибрлеу керек. Егер Galaxy Watch құрылғысы басқа адамның пайдалануыүшін калибрленген болса, қан қысымын өлшеу үшін Galaxy Watch-ты пайдаланбаңыз.
Егер 28 күннен кейін қайта калибрлеу жасалмаса, өлшеу жүргізуге болмайды.
Samsung Health Monitor қосымшасының мәзіріндегі «Хабарламалар»-ға кірсеңіз, «Калибрлеу туралы ескерту» таңдаңыз, еске салу алдыңғы калибрлеу кезеңінің аяқталуына 3 күн қалғанда келеді.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар