Samsung аккаунтын (есептік жазбасын) қалай жоюға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 10.03.2025

Төмендегі мақалада Samsung аккаунтын қалай жоюға болатынын айтамыз.

Аккаунтты жойғаннан кейін оны Galaxy құрылғыларында пайдалана алмайсыз. Samsung аккаунтымен байланысты деректер жойылады.

Құрылғыңыздағы Samsung аккаунтынын шығып, бірақ оған және онымен байланысты деректерге әлі де қол жеткізуді сақтағыңыз келсе, «Samsung Galaxy смартфонында немесе планшетінде Samsung есепткі жазбасынан қалай шығуға болады» мақаласына өтіңіз.

1 account.samsung.com сайтын ашып, Кіру басыңыз.
account.samsung.com сайтын ашыңыз
2 Электрондық пошта адресіңізді енгізіп, Әрі қарай басыңыз.
Немесе басқа авторизация әдістерінің бірін таңдаңыз: Google аккаунты арқылы немесе аккаунтқа кірген смартфон көмегімен QR кодты сканерлеңіз.
Электрондық пошта адресіңізді енгізіңіз
3 Есептік жазбаның құпия сөзін енгізіңіз.
Құпия сөзді енгізіңіз
4 Профиль баптауларын ашу үшін атыңыз бен аватарыңыз бар панельді басыңыз.
Профиль баптауларын ашыңыз
5 Samsung account баптау басыңыз.
«Samsung account баптау» басыңыз.
6 Есептік жазбаны жою таңдаңыз.
«Есептік жазбаны жою» таңдаңыз
7 Аккаунтты жоймас бұрын, көрсетілген қосымшалардан барлық қажетті деректерді сақтағаныңызға көз жеткізіңіз.
Шарттарды қабылдау үшін құсбелгіні қойып, Жою басыңыз.
«Жою» таңдаңыз

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!